Осылардың нəтижесінде олар өздерін танытуға, еңбек процесінде өз орнын табуға қажетті біліммен сусындайды, пəнге деген қызығушылығы артады, таңдаған кəсібіне оң пікірі, дағдылары мен білігі, ақыл-ой қызметін тиімді ұйымдастыру қабілеті мен кəсіби іскерлік қасиеттерді дамытуы, өзін-өзі тəрбиелеуі жəне кəсіби өз бетімен білім алу жұмысының жүйесі қалыптасады.
Мектебімізде ағымдағы жылдың 3 сәуір - 14 сәуір аралығында «Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман» атауымен жас мұғалімдер онкүндігі болып өтті.
Мақсаты: жас мұғалімдердің теориялық білім деңгейін практикада қолдану аясын саралай отырып, ерекшеліктеріне назар аудару арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің жоғарылауына ықпал ету
3 сәуір күні ДҒӘЖЖ орынбасары З.М. Ескалиева онкүндіктің ашылуында жұмыс жоспарымен таныстырып, «Талаптың мініп тұлпарын...» тақырыбымен сауалнама өткізсе, жас мамандар сәлемдеме-презентациясын ұсынды, психолог Е.Н.Карасаева «Жас келсе іске» педагогикалық-психологиялық тренингін жас мамандардың белсенділігімен қызықты өткізді.
Онкүндікте он екі жас педагог пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспарға сай ашық сабақтарын беріп, сыныптап тыс тәрбиелік шараларын өткізді. Жас мамандар тәлімгерлерімен бірлесіп өзара тәжірибе алмасу мақсатында әріптестерінің сабақтарына кіріп, сабақтарға талдау жүргізіп, ұсыныс-тілектерін білдірді. Онкүндіктің соңында жас мамандар сабағына қорытынды талдау жасалып, әдістемелік жас мамандар өз сабақтары мен тәрбиелік іс-шараларына рефлексиялық есеп берді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау