“Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем,шаңырағы биік” - дегендей үлкенді сыйлап,ардақты қарияларымызды құрметтеу-біздің ең басты парызымыз.
“Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем,шаңырағы биік” - дегендей үлкенді сыйлап,ардақты қарияларымызды құрметтеу-біздің ең басты парызымыз. Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінің еріктілер тобы 12.12.2023 күні “ Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мерекелік концерттік бағдарламасымен барып қарттарымыздың көңілін көтеріп қайтты. Қазақта жасы үлкенге құрмет көрсету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу біздің ата-дәстүріміз. Өзімізді өмірге келтірген, тіршілігіне нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз -міндеті өлшеусіз.Сондықтан, қарттарымыздың қадіріне жетіп, құрметтейік, бас иейік, өмір бойы борыштар екенімізді ұмытпайық !…