Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебі бойынша ата-аналарды қолдау орталығының ашылуы ұйымдастырылып алғашқы сабағын бастап кетті.
📌Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебі бойынша ата-аналарды қолдау орталығының ашылуы ұйымдастырылып алғашқы сабағын бастап кетті.
📌Мектепішілік ата-аналар жиналысында Ата-аналарды қолдау орталығының жұмысымен таныстырылды. 📌Биылғы оқу жылында жұмыс жасайтын “Даналық мектебінің” жоспары таныстырылып, клуб жетекшісі, аналар, аталар, әкелер, әжелер, ағалар, жеңгелер мектебі жетекшілері тағайындалды. 📌Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты:балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мектеп пен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету. 📌Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының міндеттері: 1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін педагогикалық мәдениетін,психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзіреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру; 2)мектеп пен отбасы,ата-ана мен сынып жетекші арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту;
📌Орталық қызметі ата-аналардың сұранысын ескере отырып ,жоспар жасақтау мен ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімге қажеттілігін анықтау мақсатында ата-аналардан сауалнама алудан басталды. Ата-аналар атынан А.Шарипова, Б.Хиникина өз пікірлерін білдіріп,жаңа бастамаға сәттілік тіледі.