Меню KDT
kz ru en

Образованная страна

block1_eop.jpg?_=1465981720

Bilimland

Литературный портал

Адрес школы

Адрес школы

Все новости

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебі бойынша тәрбие бағыты бойынша атқарылған іс-шаралар

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебі бойынша  тәрбие бағыты бойынша атқарылған іс-шаралар


            Жаңа оқу жылында 01.09.2023 күні Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде «Мектебім – мейірім мекені»  тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік ту көтеріліп, Гимн орындалды. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Айгүл Мақсотқызына  беріліп, келген ата-аналар мен оқушыларды, мектеп ұстаздарын Білім күнімен құттықтады. Мектептің жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап, жоғары нәтижеге жетуіне қолдау білдірген барша ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айтты. Салтанатты жиынның қонақтары ауыл әкімі  Гүлшат Төлегенқызы, ауыл ақсақалдар кеңесінің  төрағасы  Шакенаев Сайлау ағай, “Бұлбұл” бөбекжай бақшасының меңгерушісі  Гүлмира Сисенқызы ,ардагер ұстаздар  барша ұстаздар мен ата-аналарды, мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді.  Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-ші сынып оқушылары тақпақтарын айтып, жұрттың қошеметіне бөленді. Алғашқы қоңырау соғу рәсімін мектебіміздің жас бүлдіршіндері  Оңайбай Муслим Дәуренұлы, Сайлаубай Аяла Асыланқызы   алаңды айнала сылдырлатып, барша қонақтарды айырықша әсем күйге бөлей кетті. Осылайша бүгінгі Алғашқы қоңырау жиыны жақсы көңіл-күймен басталып, соңында көңілді әсерге бөленген барша балалар қуаныса мектепке қарай ағыла жөнелді.  Барша ұстаздар мен ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, биік белестерге, зор табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреміз.

   

      ЖББ Алмалы орта мектебінде 1-11 сынып жетекшілері сынып сағаттарын төмендегі тақырыптарда өткізді.2-4 сынып білім алушылары "Жазғы каникулдан жарқын естелік", "Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім", 5-8 сынып білім алушылары "Менің саяхатым", "Менің түған өлкем" ,"Жазғы демалыста мен жасаған ігі іс", 9-11 сынып білім алушылары үшін "Менің үлкен сыныптастарым", "Менің ойларым армандарым үміттерім","Болашақ менің қолымда" 1 сынып білім алушыларының ата-аналары үшін "Мектептегі бірінші күніміз ","1 сынып өмірдің жаңа кезеңі" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

   

      Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінің "Табыс" әдістемелік орталығының жоспарына сай 2023 жылдың 09 қыркүйек күні мектеп психологы Тутиева Эльвира "Сапалы білім-жаны сау баладан" тақырыбында коучинг өткізді.Қатысушылар: Педагогтар Коучинг сабақтың мақсаты: Сапалы білімге қол жеткізу үшін оқушылардың психологиялық саулығын зерделеу. Мұқтаждығын ескеру.Күтілетін нәтиже: Әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, білім беру процесінде әлеуметтік жағдайын жеке қажеттіліктері мен қабілеттерін ескеру.Коучинг амандасудан басталып, педагогтер тақырып бойынша 3 топқа бөлінді. Әр топ өзіне берілген тақырыпты ашып,оқушылардың білім сапасына кері әсері туралы   постер қорғады.  Мұғалімдер коучинг барысында жаңа терминдермен,жаңалықтармен таныс болып, сабақ соңында пирамида тәсілімен кері байланыс жасады.



Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінің 2023-2024 оқу жылына арналған 9-сынып ата-аналар жиналысы өтті.Тақырыбы: “ Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс” Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру.Сынып жетекшісі: Халелова Улболсын,Хасенова Самал,Телмағамбетова Жулдызай

   

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 11.09.2023 кғні 4 “ә” сыныбында “Шәкәрім өсиеті-адалдық айнасы” тақырыбында адалдық сағаты өтті. Оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының адалдық туралы нақыл сөздерімен таныстырылып, адалдық аясында оқушылардың ой-пікірлері жазбаша түрде алынды.Сынып жетекші: Каримова Данагүл

     

      Адал жүріп, адал тұр. Абай Құнанбайұлы. ЖББ Алмалы орта мектебінің 6 "Б" сыныбында " Адалдық- ардың ісі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Мақсаты: Оқушылардың бойына ең асыл қасиеттерді дарыта отырып,әрқашан түзу жолда жүруге, адал болуға шақыру. Мейірімділікке, кеңпейілділікке үйрету.

Сынып жетекшісі: Панабердиева Н.

  

      Алмалы орта мектебі бойынша оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын-алуға байланысты 2023-2024 оқу жылының І тоқсанында жоспаға сай бірқатар іс-шаралар жоспарланып, 20 қараша Халықаралық балалардың құқықтарын қорғауға арналған «Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбында онкүндіктің іс-шаралар жоспарына сәйекес сынып жетекшілер, тәрбие орталығы, құқық пәні мұғалімі және мектеп инспекторымен  бірлескен бірқатар шаралар атқарылды. Атап айтсақ, бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының  негізгі ережелері туралы балалардың заң талаптарын бұзбай, өзіне  жүктелген міндеттерді орындай білуге үйрету мақсатында  сынып сағаттары,тәрбиелік шаралар, түсінік жұмыстары, түнгі рейдттер ұйымдастырылды. «Адам құқығы-бала құқығынан басталады» тақырыптарында құқық қорғау органдарының өкілдіктерімен  - бала  құқығын қамтамасыз ету мақсатында 5-11 сынып оқушыларымен  конференция ұйымдастырылып, оқушылар қажетті ақпараттармен сусындады. Конференцияда ББҰ «Бала құқықтары туралы Конвенция» туралы, оның заңдылықтары туралы, құқық пәнінің мұғалімі Ильясова Ләззат Талғатқызы нақты әрі түсінікті етіп жеткізді. Сондай-ақ ауылдық учаскелік полиция инспекторлары М.Өтеуов оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізді оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, атап айтсақ 6  сынып оқушылары белсенділік танытқан оқушыларымыз көпті толғандырған «Егер менің құқығым тапталса, ең бірінші кімге барып шағымданамын» деген сұрағы қойылып, қажетті жауаптары берілді. Алмалы орта мектебінде 25.09.2023 күні білім алушы 8-11 сынып оқушылар арасында “Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кибербуллинг буллинг ,нашақорлық пен электронды темекі» тақырыбы аясында құқық өкілдерімен кездесу өткізілді.Атырау КПБ ЖПК ЮПБ бастығы полиция майоры Эльвира Имангазиева , Атырау олбысы полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Марьяна Джангалиева мектеп оқушыларына жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында буллинг кибербуллинг туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Яғни оқушылардың түнгі уақытта көшеде жүруге болмайтындығы, жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларынан мәжбүрлі түрде ақша сұрауға болмайтындығы, сабақтан алуға ,кешігіп келуге,жаман сөз айтып балағаттауға болмайтындығы туралы оқушыларға айтып ескертіп,оған қолданылатын шаралар туралы,ата-анасына айыппұл салынатындығы және де қанша мөлшерде салынатындығын айтып ескертті. Мектеп оушыларының түнде көшеде жүруге болмайтындығын және дүкендерге барып сауда жасауға, соның ішінде шылым , сусын түрлерін сатып алуға болмайтындығын оның денсаулыққа өте зиян екенін айта отырып пәрменді түрде түсінік жұмысын жүргізді. Мектеп оқушыларына электронды темекінің адам ағзасына зиянын ескерте отырып қолдауға тиым салынатындығын ескертті.Яғни қолданған жағдайда үсталса ата-анасына айыппұл салынатындығын жете түсіндірді. Атырау КПБ ЖПК ЮПБ УПИ Капитан полициясы Сүйіндіков Наурызбай Төрегелдіұлы мектеп оқушыларына буллинг ,кибербуллинг туралы ақпараттарды слайд видео арқылы көсете отырып түсінік жұмыстарын жүргізді. Яғни сондай жағдай кездескен уақытта бала құқығын қорғау органдарына хабарласуға және мектептегі сенім жәшігіне жазып салуға болатындығын сенім телефоны бар екендігін айта отырып хабардар етті.

      Атырау олбысы полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Марьяна Джангалиева нашақорлық пен электронды темекінің адам ағзасына зиян екенін түсіндіре отырып, оған қолданатын шаралар төңірегінде заңда көрсетілген баптарымен таныстырып келеңсіз жағдайларға жол бермеулерін сұрап түсінік жұмысын жүргізді. Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп мысалдар келтіре отырып жете түсіндірді.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Адилгалиева көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау. Қазіргі кезеңдегі құқық бұзушылықтардың алдын-алу үшін жасалған мектептегі жұмыстарға тоқтала отырып, жастарды бірлесе жұмыс жасап ,құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырды. Сонымен қатар, мектепішілік тәртіп ережесі туралы, оны сақтау жолдарына тоқталды. Мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда қолданылатын шаралар туралы да айтып өтті.Кешкі мезгілде оқу жасындағылардың көшеде жүру тәртібі мен ережесін,оны сақтамаған жағдайда қолданылатын шаралар туралы да айтып,оқушыларға түсіндірді.

   
  
   

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде ата-аналарды қолдау орталығының ашылу сәтінен әдемі кадрлар.

  

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 26.09.2023 күнгі 183 бұйрығына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында оқу- жаттығу жиыны өткізілді.Мектеп бойынша оқу-жаттығу кезінде 382 оқушы, 49 мұғалім, 23 техқызметкерлер қатысты.Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Сердалиев Әліпқали төтенше жағдай туындағанда қалай қимылдау қажеттігі туралы, қауіпсіздік ережелерінің талаптарын түсіндірді.

     


      Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 26 қыркүйекте " Бағдаршам-біздің досымыз!"атты сынып сағатын өтті. Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Баланы зейінді,епті болуға тәрбиелеу.Жетекшісі:Джамбаулова Жазира Акенбековна МАД б тобы

  


    Мектеп парламент тынысы "Дублер күні" Ұстаздар күніне орай 5-қазан күні мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілетін ашу мақсатында "Дублер күні" өткізілді.
   "Дублер күнін" өткізу мақсатында мектепте 11-сынып оқушыларынан бастамашыл топ құрылды. Сонымен қатар, жоспар бойынша алдын-ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.Оқушылар өздеріне тапсырылған сыныптарға кезек-кезек өз пәндерінен сабақ өткізді.


 

      Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 17.10.2023 күні оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша 8-сыныптармен әңгімелесу болып өтті.Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Маңызды мәселе аясында мектеп психологі Эльвира Жанасбаевна буллинг, кибербуллинг туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.Мектепте балалардың сапалы біліммен қатар саналы тәрбие алуы үшін ұстаздардан рөлі айрықша екеніне тоқталды . Сондықтан, өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына қоғам болып үлес қосу әрдайым бірінші кезекте тұруы қажет.Мектептің ішкі тәртіп ережесімен оқушыларды қайта таныстырып ескертулер жасалды.

   




       Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде мектепалды даярлық «А» сыныбында “Берекелі,Алтын күз! “ тақырыбында сынып сағаты өтті.Мақсаты: Оқушыларға күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып, күз туралы түсініктерін молайту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату. Оқушылардың білімін, тапқырлығын, іскерлігін өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсету шеберлігін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, қоршаған ортаны, Отанын сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылығын дамыта отырып, ой өрісін кеңейту.Тәрбиешісі:Шугаепова Рахима



19.10.2023 күні Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде “Дарын” өзін-өзі басқару ұйымының мектеп парламентіне президенттікке үміткерлер үгіт-насихатын жүргізіп сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.

   

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде21.10.2023 күні президент сайлауы өтті.

  

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде Ұлттық құндылықтар патриотизм, салт-дәстүрлер дәріптеу мақсатында«Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы» тақырыбындағыРЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ арналған оқушылар арасында ақындар айтысы өтті.



Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде Мектепалды даярлық"А"сыныбында «Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем»тақырыбында сынып сағаты болып өтті.  Мақсаты:

  • Оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу.Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.Тәрбиеші:Шугаепова Рахима.



Жалпы білім беретін  Алмалы орта  мектебінде Ұлттық құндылықтар патриотизм,салт-дәстүрлер дәріптеу мақсатында«Ұлттық тәрбие - ұлтболашағы» тақырыбындағы РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ арналған мұғалімдер арасында ақындар айтысы болып өтті.



Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 24.10.2023 куні 3 "ә" сыныбы Жасай бер,Казакстаным такырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: Қазақстандық патриотизм -Отанғадеген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге керсетушілік, өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін қастерлеуге; Туымыз бен Әнұран, Елтаңбамызды құрметтеуге, өз еліне үлес қосатын азамат болуға тәрбиелеу Сынып жетекшісі:Жагыппарова Құндыз



1-4 CЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША  ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН АЛМАЛЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ.Отбасы - бақыт бесігіОтбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие әдістері.Білімдіге дүние жарық тақырыптар төңірегінде  әңгімелер қозғалып түрлі әдіс- тәсілдер, тренингтер арқылы тақырыпты ашу мақсатында ата-аналармен сұрақ-жауап ,пікірлесу сұхбаттасу ұйымдастырылды.


Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 13.10.23 күні 9 «А,Ә» сынып оқушылары.          Тақырыбы: Мамандық- өмір таңдауы

Мақсаты:

-Оқушыларға  мамандық  таңдаудың  негізгі шарттарын  таныту;

-Мамандық  таңдауда  оң  шешім  қабылдауға, еңбек  қуанышын  сезінуге,  өзінің  бойындағы қасиетін  тануға  жетелеу;

-Еңбекқорлыққа,  еңбекті  қадірлей  білуге, табысты  болуға  тәрбиелеу,  бағыт-бағдар беру;

- Психологиялық  қолдау  көрсету

Сынып жетекшілері: Хасенова С.М. Тельмаганбетова Ж.М



5-7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН АЛМАЛЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ  КЕЗЕКТІ САБАҚ ӨТКІЗУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

 Баланың бас ұстазы – ата-ана.Позитивті тәрбие.Жасөспірімдердің жас және әлеуметтік ерекшеліктері.Ата-ананың бала тәрбиелеудегі міндеті.

Позитивті ата-ананың ерекшеліктері: жағымсыз көңіл-күйден жағымды эмоциялардың басым болуы; жасөспірімнің бойындағы ізгі қасиеттерге назар аудару, күшті және жағымды мінез-құлық қасиеттерін дамытутәрбиенің принциптері мен ережелері. Ақыл айтпа, жол көрсетЖасөспірімнің бейімделуі.

Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі: негізгі қиындықтар сияқты түрлі тақырыпта ата-аналармен түрлі әңгімелер қозғалып, тренинг, пікірталас, сергіту сәттері сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды.



8-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН АЛМАЛЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ  АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗЕКТІ САБАҒЫ ӨТТІ.

Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу...

Адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу - тұлға қалыптасуының негізі.

Тұлға дамуының негізі – өз  бетінше әрекет ету.

Көркем мінез – баға жетпес байлық.

Эмоционалды интеллект және оның адам өміріне әсері деген тақырыптар қозғалып  ата-аналар ойларын құнды пікірлерін ортаға салып, шараға белсене қатысты.



Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде

24.10.2023 күні “Менің Қазақстаным” және “ Төлеген Айбергенов жыр - көшімен сырласу тақырыбында Республика күні орай сынып сағаты өтті.

Мақсаты: қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Төлеген Айбергеновтің өмір жолы мен асыл мұраларын оқушыларға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

Сынып жетекшісі:Сагызбаева Рахия


Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 03.10.2023 күні 6 “а” сынып оқушылары “Ардагер ұстаз туралы бір үзік ой” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.

Сынып жетекші:Сагызбаева Рахия



Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 07.11.2023 күні 6 “а” сыныбы “ Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы” тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Мақсаты: Қыз баланың  тәрбиесі туралы, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу.Сынып сағатында қыздарымыз "Анамның айтқан ақылы" тақырыбында постер қорғады. Мінезді анықтау мақсатында тест жүргізілді. Өрмекші торы арқылы өз бойларындағы кемшіліктерін айтып, тор құрып, ол кемшілікті позитивке айналдырды. Есесіне мен … тренингі арқылы шиеленіскен торды ашты және “Қызға қырық үйден тыйым” тыйымдар жайлы хабардар болды.


Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебі базасында 5-11 сынып оқушылары арасында 8-қараша күні  әлеуметтік желілерде тараған жолдан жүгіріп өту ойыны туралы,оның адам өміріне қауіпсіздігі аясында түсінік жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар "Нашақорлық  қауіпті дерт"   тақырыбында Атырау облысы прокурорының тапсырмасы бойынша видеоролик көрсетіліп, оқушылардың дұрыс шешім қабылдауына ақпараттық жұмыстар жүргізілді.




Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 08.11.2023  күні 5 "а","ә","б" сынып қыздарына "Қыз мінезіндегі ұяңдық пен әдеп" тақырыбында әңгімелесу, тренинг өткізілді. Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрге сай әдептілік, ептілік, инабаттылық қасиеттерді қыз бала бойына сіңіру, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстап, жақсы қасиеттерді дарыту.Тренинг барысында ой қозғау, қазақ қыздарының мінезідерін талқылау, әңгімелесу ,  "Сиқырлы су", "Ойымызды тазалайық" яғни бала бойындағы жаман қасиеттерін, жақсы жаққа өзгерту ойын түрлері жүргізілді.



БҰРЫМДЫ ҚЫЗ -2023 Қазақ қызының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік,сұлулық жан-жақты қасиеттерді таныта білу мақсатында мектебімізде “Бұрымды қыз-2023” байқауы өтті. Байқауда 7 аруымыз 5 кезең бойынша бағын сынады.Осы байқау арқылы аруларымыздың танылмаған таланттары көрінді, шеберліктері шыңдалды. Қорытындылай келе “Бұрымды қыз-2023” атағына 10 сынып оқушысы Бақтыбаева Ақтоты ие болды, сондай-ақ қатысушы аруларымыз түрлі номинациялармен марапатталды.




Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде Бүгін 15 қараша – Ұлттық валюта күні тақырыбында 6 “А” сынып жетекшісі Р.Сагызбаева оқушыларымен сынып сағатын өткізді.Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің  ең  бірінші  айрықша белгісі  теңгемен тереңірек  таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын  жете білуменнен  байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту.
Оқушыларға “Алғашқы ақша қалай пайда болды?”, “Ақшаны қайда жасайды?”, “Теңге сарайы” және “Нумизматика” жайлы видеоролик көрсетіп, сұрақ қойып кері байланыс жасады.



Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінің 2-сыныптар арасында “Сәлем-сөздің анасы” атты танымдық сабақ болып өтті.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сәлемдесу туралы мәлімет беру , оның инабаттылық , әдептілік, адамдық қасиеттің негізгі арқауы екендігін ұғындыру.Ұлттық салт- дәстүрлермен таныстырып адамгершілікке тәрбиелеу.Үлкенді сыйлау,кішіге ізет көрсету,сыйласымды қарым- қатынас жасауға баулу.



Қараша  айында «Қатігездік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында  қалалық білім беріу бөлімінің жоспарына сай, ақпараттық науқанын өкізу жөніндегі іс-шара жоспары жасақталып көптеген шаралар ұйымдастырылып, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында мектептің  тәрбие орталығының іш-шаралар жоспарына сәйкес ауқымды жұмыстар атқарылды. Өткізілген барлық шаралар Алмалы орта  мектебінің әлеуметтік

парақшасына, фейсбук желісіне  жарияланып отырды.МАД топтарының арасында  «Толағай» отбасылық сайысы ұйымдастырылды.



«Зорлық зомбылықсыз, бақытты балалық шақ!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.





«Мен және менің құқығым» тақырыбында «Тарлан» дебат клубы мүшелерімен пікірсайыс ұйымдастырылды.





     1-4 бастауыш сыныптар арасында «Мен және менің құқығым», «Бақытты балалық шақ», «Зорлық зомбылыққа жол жоқ!»  тақырыптарында сурет байқауы ұйымдастырылып, оқушылар өз жұмыстарын өте жақсы деңгейде қорғай білді және мектеп психологі  Қайрекен Гаухар  жетекшілігімен жеңімпаз анықталды.


«Мен бақытты баламын!» тақырыбында спорттық эстафеталық сайыс өтті.

8-сыныптардың ұйымдастыруымен «Адамгершілік-асыл қасиет» тақырыбында қамқорлық, қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.



«Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында ата-аналар   жиналысы өтті


Ерте жүктіліктің алдын -алу мақсатында 9 сынып бойынша жасөспірім қыз балалармен "Есеюге деген бір қадам" тақырыбында шара өткізілді. Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен өткізілген шарада қыз балалардың есею процесі кезінде орын алатын оқиғалар мен жағдаяттар кезінде дұрыс шешім қабылдауына ықпал ететін ситуациялық жағдаяттар ұсынылды. Оқушылар осы орайда өз ойларымен бөлісіп, шара нәтижелі өтті.Әрбір қыз баланың асқақ арманы бар, сол арманның орындалуы дұрыс таңдау жасауына тікелей байланысты.



      Сонымен қатар Алмалы орта мектебі бойынша  2023-2024 жылға «Адал ұрпақ» клубы, «Парасатты мектеп» клубы, «Дарын» өзін-өзі басқару ұйымы  мектеп парламенті  мүшелері сайланып, жоспары жасақталып әр клуб фракция  мүшелері  өз жұмыстарын атқаруда. Қыркүйек айында мүшелермен бірінші отырыс ұйымдастырылып жоспар талқыланып,мүшелер сайланды. Қазан айында клуб мүшелері  «Адалдық жолдан айныма» тақырыбында адалдық сағаты ұйымдастырып, адамгершілік, адалдық, парасаттылық туралы әңгіме қозғап пікір таласты.Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 1-11 сынып оқушыларына  бірыңғай  оқушылардың бойына ең асыл қасиеттерді дарыта отырып,әрқашан түзу жолда жүруге, адал болуға шақыру. Мейірімділікке, кеңпейілділікке үйрету мақсатында.Оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін ажырата білуге үйрету, жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, жолда жүру мәдениетіне жол ережелерін бұлжытпай орындауға  сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында "Жолда жүру ережесін білесің бе?" тақырыбында  сынып сағаттары өтті.


     Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында  ағымдағы жылдың 22- қарашасында  мектептің 8-11 сынып оқушыларының ата-аналарына ақпараттық, түсінік жұмысы жүргізілді. Шараға  Атырау облысының психикалық денсаулық орталығының психиатрі Қайролла Саягүл Қайроллақызы және жастар денсаулығы кабинетінің психологі Телеубаева Гүлайым Кайржановна, сонымен қатар Алмалы дәрігерлік емханасының әлеуметтік қызметкері Наурызова Ләззат Қайыржанқызы қатысып, өз саласының мамандары қазіргі қоғамда орын алып жатырған  жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсауына апаратын  фактілер жайында сөз қозғап,  ақпарттық слайддтар көрсетті. Ата-ана мен бала, оқушы мен мұғалім, достар арасындағы қарым –қатынас салдарынан және де өзге келеңсіз жағдайлардан туындаған мәселелердің жасөспірімдер ойына түрлі ой салып, қиын жағдайға соқтыруы мүмкіндігі айтылды. Бұндай жағдай орын алғанда мектеп психологы мен психологиялық құрамына айтылып, анықтау жұмыстары жүргізілетіндігі, одан кейін арнайы психиатр, суицидолог мамандарына жүгініп, кейін түзету жұмыстары жүргізілетіндігі  аталып өтті. Шара соңында мектеп психологы Эльвира Жанасбаевна мектеп шеңберінде өткізілген алдын- алу шаралары туралы ақпарат беріп, ата-аналар арасында қиындықты оңай қабылдауға үйрету мақсатында  «Өмірім өз қолымда » атты ойын өткізді.
      Жоғарыда аталған мамандардың қатысуымен «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын - алу» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына түсінік жұмыстары жүргізіліп, психолог, психиатр мамандарының кеңестері берілді. Мектеп психологы кабинатінің үнемі оқушыларды қабылдауға ашық екені айтылып,   іштегі қысымды шығару мақстында  «Эмоциямызды шығарамыз» жаттығуы жасалды.





Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде “Дарын” өзін-өзі басқару ұйымының мектеп  парламентінің президентін ұлықтау.фракция мүшелерін тағайындау рәсімі болып өтті.


Мектебімізде  6-8 сынып оқушылары арасында "Мен және менің құқығым" тақырыбында дебат ойыны ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды ойын еркін жеткізуге, нақтылыққа,  ашықтыққа, белсенді болуға баулу.Дебатта ойналған қарарлар: 1.Жасөспірімдердің  патриоттық сезімдерін оятуда ең күшті құрал кино деп есептейміз/есептемейміз.
2.Мектептің "ішкі тәртіп ережесіне" бағынбаған оқушы жазалануы керек/керек емес.

ЖББ Алмалы орта мектебінің кітапханасында  кітапханашы Медеуова Күнсұлу  мен 6 "А" сынып жетекшісі Сағызбаева Рахия "Бір тойым бар" тақырыбында Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына арнап сынып сағатын өткізді.Мақсаты:  қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі   Төлеген  Айбергеновтың өмір жолы мен асыл мұраларын оқушыларға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру;

ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ - ӨНЕГЕ МЕКТЕБІ" Бала тәрбиесіндегі қазақтың бір озық үлгісі – әжелер мектебі. Әже деген түсінгенге – әлеуметтік мәртебе. Бұл адамның өмірлік тәжірибе жинап, ақыл-парасатының кемелденген шағы. Биылғы оқу жылында мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» құрылып, өз жұмысын жүйелі жүргізуде. Осы орайда «Даналық мектебі» жобасы бірнеше бағыт бойынша шығармашылық жұмыстарын жоспарлауда. Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 07.12.2023 күні  «Әженің сөзі - ақылдың көзі» тақырыбында шара өткізілді. Шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға қолдау білдірген барша ауылымыздың әжелер қауымына үлкен рахмет айтамыз. Ұрпақтарыңыздың қызығына бөленіп, жүз жасаңыздар!

Мектебімізде 9 сынып оқушыларының сынып жетекшілері Халелова Улболсын, Хасенова Самал, Телмағамбетова Жұлдызай ұйымдастыруымен «Адал еңбек- адам көркі. Сөзіне берік, ісіне адал болу» атты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.Мақсаты:Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.


Алмалы орта мектебінің үйден оқитын оқушысы Жұмалиева Айданының туған күнімен сыныптастары мен пән мұғалімдерінің құттықтап барған сәтінен


“Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем,шаңырағы биік” - дегендей үлкенді сыйлап,ардақты қарияларымызды құрметтеу-біздің ең басты парызымыз.

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінің еріктілер тобы 12.12.2023 күні “ Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мерекелік концерттік бағдарламасымен барып қарттарымыздың көңілін көтеріп қайтты.

Қазақта жасы үлкенге құрмет көрсету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу біздің ата-дәстүріміз. Өзімізді өмірге келтірген, тіршілігіне нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз -міндеті өлшеусіз.Сондықтан, қарттарымыздың  қадіріне жетіп, құрметтейік, бас иейік, өмір бойы борыштар екенімізді ұмытпайық !…



Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінің 2” Г” сыныбында Тәуелсіздік мерекесіне орай “Тәуелсіздік-тұғырым” тақырыбында сынып сағаты өтті.Мақсаты:Оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі:Ақанқызы Дана



“Қош келдің, Жаңа жыл! Жаңа белес, жаңа арман!” атты жаңа жылдық мерекелік іс-шараЖалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсан күні “Қош келдің Жаңа жыл- жаңа белес, жаңа арман!” атты жаңа жылдық мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараның шымылдығын бастауыш сынып білім алушылары ашып, әсем әндер орындалып, би биленді. Ақшақар, Қарақшы, Сайқымазақтар, Қоян, т.б бүлдіршіндердің көңілін қуантатын кейіпкерлер ортада рөлдерді сомдады.Мақсаты: Қыс мезгілінде болатын балалардың сүйікті мерекесімен таныстыру. Мерекелік көңіл күйлерін ояту. Әр баланың мерекеге қатысуын қадағалап, мерекені балалардың естерінде қалатындай етіп өткізу, достық қарым-қатынас орнату көзделді. Балалар Жаңа жыл, қыс мезгілі туралы тақпақтарын нақышына келтіре айтып, хормен "Шырша","Жаңа жыл" әнін орындады.Сондай-ақ Ақшақар биін билеп өте қызықты ойын түрлерін көрсетіп, өз өнерлерін паш еткен бүлдіршіндер Аяз ата дорбасынан сыйлық тәттілерін алып мерекелік жақсы көңіл күймен аяқталды.




 

 





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь