ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ - ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНДА
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ - ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНДА
🧑🧑🧒🧒Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Cыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай ғана Отан. Отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы.🧑🧑🧒🧒
🏫Мектебімізде оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту мақсатында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде “Өнегелі 15 минут” іс-шарасы өткізіліп, ата-аналарға ашық-есік күні ұйымдастырылды.🏫
#atyrau_tàrbie #birtutas_tàrbie #біртұтас_тәрбие #kurm_тәрбие
#Kurmtarbie2024
#біртұтас_тәрбие_атырау
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер